Жарқын болашақ өз қолыңда

Тағдырдың тәлкегімен темір торға түссе де, кез келген адамға әлі де түзелуге, жаңа өмір бастауға мүмкіндік бар. Тек ниет болса болғаны. Сонда ғана абақтыға қайта оралмасы анық.

Жуырда Т.Рысқұлов аудандық пробация қызметінің ұйымдастыруымен «Жарқын болашақ өз қолыңда» атты семинар-тренинг өтіп, оған пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар қатысты.


Жиын барысында Т.Рысқұлов аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Жайық Нұрғали темір тордан кейін де өмір бар екендігін, Үкімет қанша жазалы болса да, сотталғандарды күнделікті өмірге бейімдеу үшін түрлі жеңілдік жасап келетінін және осының бәрін орынды қолданса, олардың өміріне өзгеріс болатынын баса айтты.

Айжан Тағашбаева,
Т.Рысқұлов ауданы

Comments (0)
Add Comment