Жамбылдық жастар халықаралық жиындарға қатысты

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Үздіктер таңдауы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жастардың тәжірибе алмасуына мүмкіндік беру мақсатында 2019 жылдың 25-27  қазан  аралығында Ресей федерациясының Мәскеу қаласында өткен «Жалпыресейлік студенттік отрядтардың» слетына  Ә.Мұратбаев,  Е.Қыпшақбаев, А.Медешова және Қ.Мұратбаев делегат ретінде жіберілді. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 1-2 қараша аралығында Павлодар қаласында өткен «Қазақстан жастары Конгресінің күндері» іс-шарасына И.Дастан делегат ретінде қатысуы қамтамасыз етіліп, 5-8 қараша аралығында Ресей федерациясының Омск қаласында өткен «Ресей мен Қазақстанның жас көшбасшылар» форумына З.Әуелбеков пен К.Бердецкий қатыстырылды.

Жас делегаттар аталған іс-шаралардан өздеріне қажетті ақпараттар алып, жаңа достар тапқандығын жасырмайды. Жастар – болашақтың кепілі болса, оларға тура бағыт-бағдар көрсетіп, қоғамдық іс-шараларға араласуына мүмкіндік жасау мемлекеттің міндеті екендігін «Үздіктер таңдауы» қоғамдық бірлестігінің Төрағасы Д.Давренбеков та құптайды.

Comments (0)
Add Comment