Жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері республикалық жарыстан жүлделі оралды

Биыл қаңтарда болған оқиғаларға байланысты қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлер мен әскери қызметшілерді еске алуға арналған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Қылмыстық-атқару жүйесі көмитетінің қызметкерлері арасында қоян қолтық ұрыстан ХІІІ чемпионат өтті.
Байрақты бәсекеде Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты мекеме қызметкерлері Ардақ Төребек 57 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын, Айтбала Жұмабек 58 кг салмақ дәрежесінде ІІ орын, Бекнұр Мергенбай 62 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орынға ие болып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

А.Н.Жунисова,

КСБ бастығы әділет аға лейтенанты 

Comments (0)
Add Comment