2019 жылға Жамбыл облысы энергетикалық кәсіпорындарында технологиялық бұзушылықтардың азаюы байқалуда. 2018 жылмен салыстырғанда технологиялық бұзушылықтар саны 92-ден 91-ге азайды.
Салдарларының сипаты мен ауырлығына қарай Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі, электр станциялары, аудандық қазандықтар, электр және жылу тораптары жұмысындағы технологиялық бұзушылықтар апаттар, I дәрежелі істен шығу және II дәрежелі істен шығу болып жіктеледі.
Жамбыл облысының энергетикалық кәсіпорындарында апаттар менжабдықтардыңI дәрежелі істен шығуы тіркелмеген.
II дәрежелі істен шығу санының ең көбі «Жамбыл электр жүйелері» ЖШС-де тіркелді. Сонымен қатар егер 2018 жылы олардың саны 91 болса, 2019 жылы 88-ді құрады, электр энергиясының толық босатылмауы 72,94 мың кВт/сағаттан 75,73 мың кВт/сағатқа дейін артты. ІІ дәрежелі істен шығудың негізгі себептері стихиялық құбылыстардың салдарынан кабелдік және әуе желілерінің зақымдануы, сондай-ақ жіктелмеген себептер болып табылады.
«Т.И.Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і» АҚ-да ІІ дәрежелі істен шығу саны 1 ден 3-ке ұлғайды. Технологиялық бұзылулардың негізгі себептері қондырғы материалының және оның бөлшектерінің немесе торабы құрылымының бұзылуы, механикалық зақымданулар, сондай-ақ жіктелмеген себептер болып табылады.
«Таразэнергоорталық» АҚ-да соңғы екі жылда ІІ дәрежелі істен шығулар саны тіркелмеген.
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ (әрі қарай – Департамент) энергетикалық объектілерінде жазатайым оқиғаларды болдырмау жұмыстарын тұрақты негізде жүргізуде. 2019 жылы Департаментте аймақтағы энергия ұйымдарымен жылыту маусымының өтуі мен жөндеу науқаны жөнінде 12селекторлық кеңес өткізілді. Энергетика кәсіпорындарымен бірге Қазақстан Республикасында болған жазатайым оқиғалардың тоқсандық, жартыжылдық және жылдық талдаулары пысықталып отырады. 2019 жылы Департамент 7заңды тұлғаны жалпы сомасы 1167812,5 теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Ерікбай Нармұратов,
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің
Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ басшысы