Зейнетақыға қатысты барлық қызмет кешенді түрде көрсетіледі — Еңбек министрлігі

Азаматтар 2018 жылдың 11 қарашасынан бастап зейнеткерлікке шыққан кезде елімізде төлемге қатысты барлық қызмет кешенді түрде көрсетіледі.

«ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік коғамымен және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен бірлесіп «Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлеміне құқық туралы ақпарат» электрондық сервисін іске қосты», — делінген хабарламада.

Биылғы жылдың соңына дейін электрондық сервиске «Электрондық үкімет» порталында (еgov.kz) кіруге мүмкіндік болады.

Зейнеткерлік жасқа жеткен қазақстандықтар инфляция деңгейін ескере отырып нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлеміне (мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемі) құқықтық туралы ақпарат ала алады.

Азаматтарда мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлеміне құқығы болған жағдайда олар үшін жақын орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығына (тұрғылықты жері бойынша) барып, өтініш беру қажеттігі туралы ақпарат шығарылады.

Егер азамат бұдан бұрын осы төлемді алуға жүгінбеген болса немесе осы төлемді алуға құқығы болмаса, ол туралы ақпаратты осы электрондық сервистен алуға болады.

inform.kz

Comments (0)
Add Comment