Венесуэлада 7,3 балдық жер сілкінісі болды

Венесуэланың солтүстігіндегі Сукре штатында жер сілкінді, – деп хабарлайды «ARAINEWS» ақпарат агенттігі 24.kz  сайтына сілтеме жасап.

АҚШ геологиялық қызметінің хабарлауынша, зілзала күші 7,3 балл болған. Жерасты дүмпулері бүкіл ел аумағы мен көршілес Тринидад және Тобаго мемлекетінде сезілген. Ел астанасы Каракаста қызметкерлер кеңселерінен сыртқа шығарылды. Адам шығыны жоқ. Кейбір ғимараттарға зақым келгені хабарланып отыр. Зілзаладан кейін Венесуэланың, Гренаданың, Тринидад және Тобагоның жағалауда орналасқан қалаларында цунами соғу қауіпі жарияланған.

Элица Пиментель, кеңсе қызметкері:

— Жұмыстағы әріптесімен сөйлесіп жатқан кезде кенеттен басым айнала бастады. Бірақ бұл бас ауруы емес, жер сілкінген екен. Зәрем ұшып кетті, зілзала күші қатты болған.

Comments (0)
Add Comment