Ұлыбритания Жапония күштерімен осы елдің Фудзияма тауының етегінде алғаш рет бірлескен әскери жаттығу өткізуде.
Екі аптаға созылатын шараға Жапония қорғаныс күштері мен Тұманды Альбионның 100-ден астам сарбазы қатысуда. Ресми Лондон оқу-жаттығу екі елдің әскери байланысын нығайтып, ынтымақтастығын тереңдете түседі дейді. Сондай-ақ шара Күншығыс елінің Ұлыбританияның Азиядағы басты серіктесі екенін көрсетіп отыр. Ал бұл екі мемлекеттің аймақтағы мүддесі АҚШ-тың ұстанымына сәйкес. Нақтырақ айтқанда, олар Қытай өңірде өз ықпалын күшейтіп, Азия, Еуропа және Американы байланыстыратын басты сауда жолдарын бақылауына ала ма деп қауіптенеді. Осы категория бойынша: « Ресей Сирияға С-300 зениттік-зымырандық кешенін жеткізді Трампқа қауіпті хат жолданған »