Ұлттық жаңғырудың негізгі өзегі – Тіл мен Тәуелсіздік

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Ана тілі” газетіне берген сұхбаты – әрбір қазақстандықтың ойланатын, талқылайтын маңызды тақырыптарға бағытталған мәнді әңгіме. Президенттің елдің егемендігі мен экономикалық дамуын нығайтудағы негізгі ұстанымдарына сүйенген бұл сұхбат ұлттық рух пен құндылықтарды арқау етеді.

Президентіміздің қазақ тілін ғылым, білім және халықаралық қатынастар тіліне айналдыру туралы пікірі – тек қана сөз емес, елдің болашағына арналған нақты стратегия. Ана тіліміз – ұлттық кодымыздың өзегі, ұрпақтар сабақтастығының кепілі. Сонымен қатар, сұхбатта еліміздің экономикалық дербестігін нығайту, халықтың әл-ауқатын арттыру сынды маңызды мәселелер де терең қозғалуда.

Қоғам қайраткері ретінде бұл бастамаларды толығымен қолдаймын. Тіл тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол – елдіктің тірегі, мемлекеттіктің мәйегі. Әрбір азамат қазақ тілін дамытуға үлес қосып, оны өмірдің барлық саласында қолдануға тырысуы қажет.

Президенттің сөзі мен істері баршамызды жаңа белестерді бағындыруға жігерлендіреді. Ұлттың рухын асқақтатып, болашағымызды жарқын ету жолында бірлесе жұмыс істеуге шақырамын!

Сембек Сейдазимов,
Тараз қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы

#ТілТірегі #ПрезидентСұхбаты #ҰлттықҚұндылық #АнаТілі

Comments (0)
Add Comment