Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының төртінші туры аясында өз алаңында өткен Андорраны тізе бүктірді.
Астанадағы матч 4:0 есебімен жерлестеріміздің пайдасына шешілді. Алғашқы голды Еркебұлан Сейдахмет (21-минутта) соқса, Бауыржан Тұрысбек (61-минут) пен Роман Муртазаевтар (74-минут) да мергендіктерімен көзге түсті. Ал тағы бір голды қарсыластар өз қақпаларына соғып алды. 61-минутта Хосеп Гомес Андорра қақпасын дәл көздеді. Одан қалды 64-минутта қонақтар сапынан Жорди Алаэс алаңнан қуылған болатын.
Осылайша Қазақстан 2015 жылдың 13 қазанынан бері алғаш рет ресми ойында жеңіске жетіп отыр. Ол кезде футболшыларымыз Латвияны 1:0 есебімен ұтқан.