Ұлана Сламбекова ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды

Ұлана Сламбекқызы Сламбекова 1984 жылы 2 ақпанда Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ақкөл ауылында дүниеге келген.

Ол еңбек жолын 2005 жылы Жамбыл облысы Талас ауданы, Тамды ауылындағы «Ақшұқыр» шаруа қожалығының экономисі қызметінен бастаған.

2006-2009 жылдар аралығында Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы,

2009-2011 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлім басшысының орынбасары,

2011-2013 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің қоғамдық саяси және бұқаралық ақпарат құралдарымен, жастармен жұмыс жөніндегі бөлімінің сектор меңгерушісі,

2013-2016 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлім басшысының орынбасары,

2016 жылдан 2023 жылдың бүгінгі күніне дейін Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.

Comments (0)
Add Comment