Түзеу мекемесінде «Тағдыр тәлкегі» драмасы сахналанды

Бүгінгі таңда діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және оған қарсы күрес тақырыбын насихаттау – мемлекетіміздің қауіпсіздік саясатындағы басты мақсаттардың біріне айналып отырғаны белгілі. Осы мақсатқа орай Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты № 25 мекемесінде «Тағдыр тәлкегі» драмасы сахналанды. Жазасын өтеушілер арасында тәрбие жұмыстарын жүргізу жоспарына сәйкес А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының актерлары қойған туындының негізгі идеясы – діни экстремизм мен терроризм идеологиясымен уланған ланкестердің қылмыстық әрекеттерін әшкерелеу және оған қарсы батыл күрес жүргізуді насихаттау.

Шығарма желісінде қарапайым ғана отбасынан шыққан Нұргүл атты жас қыздың теріс дін атын жамылған ланкестірдің шырмауына түсіп, тағдыр тәлкегіне ұшырауымен оқиға күрделене түседі. Оқиға соңында теріс дін жолындағы экстремистік топтың мемлекетке қарсы әрекет етпекші болған теріс пиғылдары әшкере болып, олар тиісті органдардың араласуымен түгел қолға түседі. Шығарма көрерменге дұрыс діни түсінік беруге, азаматтарды Отанын сүюге тәрбиелейді.

Қойылымды тамашалап шыққан сотталған азаматтар драмадан керемет әсер алып, артистерді ду қол шапалақпен шығарып салды.

Comments (0)
Add Comment