Түзеу мекемесінде дәрігерлердің қатысуымен «дөңгелек үстел» отырысы өтті

Сотталған азаматтарға ерекше моральдық қолдау көрсету – қоғамға лайықты азамат боп оралуының кепілі. Бұл тұста жауапкершілік жүгі Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне, оның ішінде дәрігерлер мен психологтарға артылады.

Жуырда Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесінде сотталғандар арасында агрессивті мінез- құлық профилактикасын арттыру бағытында дөңгелек үстел өтті. Айта кету керек, аталған жиын 2018-2020 жылдарға арналған арнайы контингент арасында Қылмыстық- атқару жүйесі комитеті мен Ұлттық гвардияның зиянды құқық бұзушылықтардың, жарақаттар мен суицидтердің алдын- алу мақсатындағы жоспарына сәйкес өткізілген болатын.

Басқосуға ЖД-158/5 мекемесінің медицина сауықтыру пунктінің фельдшері әділет лейтенанты Дилора Барат, мекеме психологы Айнұр Кушерова сондай-ақ бастапқы психикалық денсаулық орталығының мамандары: дәрігер-психиатр Үміт Келгенбаева, психолог Жанар Байгутдиева қатысты. Дөңгелек үстел барысында мамандар сотталғандар мінезінде ашуланшақтық, ызақорлық, басқа сотталғандармен немесе мекеме қызметкерлерімен жанжалдасудың алдын алу жолдарын қарастырды.

Мамандардың айтуынша, мұндай кезеңдерде түзеу мекемесінің психологы жүргізетін зерттеулермен қатар ата-ананың қолдауы да маңызды рөлге ие. Себебі, ата-ананың қолдауы сотталған азаматтардың алдағы жаза мерзімін өтеудегі қорқынышын сейілтуге, жасаған қылмысына жауаптылығын арттыруға көмегін тигізбек.

Алтынай АУБАКИРОВА,

ЖД-158/5 мекемесі медициналық бөлімінің қызметкері

Comments (0)
Add Comment