Өткен сенбіде орталық «Достық» алаңында ауыл шаруашылығы тауар өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде өңірдің 299 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдері саудаланды.
— Жәрмеңкенің негізгі мақсаты халыққа тиімді бағамен сапалы өнімдер ұсыну. Бұл бір жағынан өңірдегі ауыл шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарына қолдау болып табылады. Тағы бір айта кететін нәрсе, сатылымдағы өнімдердің сапасы жоғары, экологиялық таза. Сонымен қатар, барлық бекітілген бағаға әкімдік тарапынан бақылау орнатылған, — дейді Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің қызметкері Нұрбол Жетпісбаев.