Тұмауға қарсы тыңғылықты дайындық

Қыс мезгілі жақындаған сайын жер-жерде тұмау дертінің өрши түсетіні белгілі. Осыған орай өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Күмісбек Рахимов пен облыстық балалар жұқпалы ауруханасының инфекционист дәрігері Сағыныш Нұрғабылова баспасөз мәслихатын өткізіп, тұмаудың алдын алу шараларына тоқталды.
Күмісбек Рахымұлының айтуынша, елімізде осы айдан бастап тұрғындардың 10 пайызы вакцинацияланады екен.
– 2018 жылы бюджет қаражатына Ресейде өндірілген «ГРИППОЛ+» вакцинациясының 1,5 миллион дозасы
1 миллиард 200 миллион теңгеге сатып алынды. Вакцина A(H3N2) және A(H1N1) және В тұмау штаммдарының антигендерін қамтиды. Одан басқа Қазақстанда 3 өндірушінің тұмауға қарсы тағы 4 вакцинасы тіркелген. Оларды тұмаудың алдын алуға пайдалануға болады, – дейді К.Рахимов.
Ал, облыстық балалар жұқпалы ауруханасының инфекционист дәрігері Сағыныш Нұрғабылова тұмаудың алғашқы белгілері пайда болған жағдайда жедел дәрігерге көріну керектігін, өз бетімен емделудің зиянды екенін ескертті.

А.ОРЫНБАСАРҚЫЗЫ

Comments (0)
Add Comment