Таразда жол жөндеу жұмыстарына 1,8 млрд. теңге бөлінген

Тараз қаласында жолдардың жалпы техникалық жағдайы бақылауға алынып отыр. Жыл басындағы мәліметке сәйкес шаһарда коммуналдық меншікте тіркелген ұзындығы 996 шақырымды құрайтын 576 көше бар болса, жолдардың техникалық түгендеуінен кейін жалпы ұзындығы 1 531,09 шақырымды құрайтын 1 330 көше анықталған, – деп хабарлайды «Arainews» ақпарат агенттігі.

Жалпы қаладағы 55 көше мен 85 бұрылыстың орташа жөндеу жұмыстарына 1 млрд 471,1 млн теңге, көшелердің шұңқырларын қалыпқа келтіру жұмыстарына 360,0 млн теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде мектептер мен балабақшаларға баратын 30 көшені ішінара және 32 жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды жөндеу үшін мемлекеттік сатып алу конкурсына хабарлама берілген.

Сонымен қатар, қала бойынша көшелердің жол жабындысының ағымдағы техникалық жағдайын анықтау мақсатында түгендеу жұмыстары жүргізіліп қорытындысы бойынша жалпықалалық «Жол» бағдарламасы қабылданды. Бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар нысандар орналасқан және қоғамдық көлік өтетін көшелер тәртіпке келтірілмек. Бюджеттік қаржыландыру мүмкіндігіне байланысты қажетті жұмыстарды алдағы 3-5 жыл көлемінде атқару белгіленген.

Сонымен қатар, қалада  коммуналдық мекемелер газ және су құбырларын жүргізу барысында бүлдірілген жолдарын қалпына келтіру жұмыстары қолға алынған.

Comments (0)
Add Comment