Таразда қала әкімдігі бөлім басшысының орынбасары ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Жамбыл облыстық департаменті жүргізген жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижесінде Тараз қаласы әкімдігі тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Қадірбек Деметбаев ұсталды.

Ол қаладағы жеке кәсіпкерлердің бірінен аталған бөлімнің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері арқылы 80 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілініп отыр. Нақтылай айтқанда, бөлім басшысы Тараз қаласындағы кафелердің бірінің алдындағы ағаштарды кесуге рұқсат алу мәселесін шешпекші болған.

turaninfo.kz

Comments (0)
Add Comment