Т.Рысқұлбеков атындағы, саябақта ашылған келесі бір нысан – «Ғибрат» орталығы. Аумағы 240 шаршы метрді құрайтын орталықта саябаққа демалуға келген қала тұрғындары мен қонақтарына ұлттық дәстүрмен қызмет көрсететін, ақсақалдар кеңестері өткізетін орын болмақ. Ғибрат сөзі көне түркі тілінде үлгі-өнегелік, тәлім-тәрбиелік деген мағына береді.
Сонан соң орталық ішін аралап көрген қонақтарға облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев жаңадан бой көтеретін 15-ші ықшам ауданның және «Шахристан» базарының орнына салынатын тарихи-мәдени кешеннің және «Тектұрмас» кесенесі орналасқан аумақтың жоспарын таныстырды.
Жеңіс саябағында орналасқан «Тыл еңбеккерлеріне», «Ауған соғысының ардагерлеріне», «Чернобль апатына қатысушыларға» арналған ескерткіштер ашылады.
Сондай-ақ бүгін қаламызда «Желтоқсан толқыны» атауымен еліміздегі ең ұзын әрі мағынасы зор субұрқақ, Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға арналған, «Ғибрат» орталығы ашылмақ.
Сонымен қатар, тараздықтар «Үшбұлақ» жағалауындағы демалыс аумағының ашылуын тамашалайды.