Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков өз таңдауын жасады

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауында өз таңдауын жасады.

Шаһар басшысы №41 сайлау учаскесіне келіп, өз дауысын берді.

№41 сайлау учаскесі М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Жамбыл даңғылы, 16 А мекенжайында орналасқан.

Сайлау учаскесі елорда уақыты бойынша сағат 7.00-ден жұмысқа кірісті.

Comments (0)
Add Comment