Тараз қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтіп жатыр

Тараз қаласының аумағында облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабымен «Тараз-Антитеррор-2025» оқу-жаттығуы өтуде.
Аталған іс-шараның мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлердің жолын кесу бойынша дайындық деңгейлерін тексеру.
Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтары жүргізіліп жатқан оқу-жаттығуларына, автокөлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысына қойылатын уақытша шектеулерге түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз.

Жамбыл облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы

Comments (0)
Add Comment