Т. Рысқұлов ауданының мектептері толықтай ғаламтормен қамтылған

Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында Т.Рысқұлов ауданы әкімі Асқар Санатұлы Қрықбаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Асқар Санатұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Биылғы жылғы Елбасы Жолдауында Қазақстанның Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында жүйелі түрде жаңғыру кезеңіндегі нақты шаралар бағдарламасы айқындалған. Президент Жолдауда барлық әлеуметтік және экономикалық саланың жаңа мүмкіндіктерді ашатын 10 негізгі міндетті белгіледі.
2018 жылы білім бөлімінің бюджетіне барлығы 5 млрд. 606741 мың теңге қарастырылған. Пән мұғалімдері мен оқушылар үшін ауданда ақпараттандыру қызметі жоғары деңгейде жолға қойылған, 30606,0 мың теңгеге 18(46,1%) «Робототехника» кабинеттері алынды. Мектептерді Wi-Fi желісімен жарақтандыру мақсатында 17980,0 мың теңге бөлініп, 26 мектепке тартылды. Мектептердің барлығы кең жолақты Интернет желісіне қосылған. Жалпы компьютерлер саны – 2220, 1 балаға шаққанда компьютер саны – 6 айналып отыр.
Мемлекет басшысы атап өткендей, қазір цифрландыру және IT сервистерді дамыту ерекше маңызға ие. Осы жұмыстар аясында аудандық ауруханаға 2017 жылы 32 компьютер алынып, 3 млн 546 мың теңге жұмсалды, нәтижесінде 142 жұмыс орны, яғни барлық дәрігерлік амбулаториялар компьютерлендірілді.

Comments (0)
Add Comment