Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парыз

Қазіргі таңдағы мəселелердің бірі – қоғамдағы сыбайлас жемқорлық. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тəрбиесіне зиян əкелетіні бəрімізді алаңдатады. Бұл мəселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мəселе екені айқын.

Бүгінгі таңда бұл мəселе осы бірнеше жыл ішінде жоғары маңызға ие болып, мемлекеттік қызметшінің күнделікті пайдаланатын оқу құралына айналып отыр. Заңның ең басты құндылығы, ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіптен сақтауға, сондай-ақ жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, тыю жəне ашу жолында мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз етуге бағытталған. Өз кезегінде барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз құзыреттері шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңы барлық мемлекеттік органдарының жұмыс барысында аса маңызды құжат екені айқын. Міне, мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды тетігі болып отырған барлық салада да сыбайлас жемқорлықпен күрес басым бағыт ретінде белгіленуі тиіс жəне солай жасалып та отыр. Қазіргі уақытта еліміздегі барлық саласында заңдар заман талабына икемделіп, кəсіпкерлердің республика аймағында еркін əрі ашық түрде жұмыс атқаруына қолайлы жағдай туғызылып отыр. Мемлекеттік қызметкерлер бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске баса көңіл аударып отыр. Осы жағдайлармен күрестің тиімді нəтижесінде қызметі органдарында жемқорлық құқық бұзушылықтарды бұлтартпау жəне оны болдырмау жөнінде кешенді шаралар қабылдауды жандандыруда. Жалпы, қоғамдағы қандай да болсын келеңсіздіктің алдын алуды əрбір азамат өзінен бастаған жөн деп есептеймін. Бұл ретте, мен өзін отанымыздың патриотымын деп есептейтін əрбір замандасыма айтарым, еліміздің биік белестерді бағындыруы, мемлекетіміздің 50 дамыған елдердің қатарына кіруі сынды асыл мұраттарға қол жеткізуіміз біздің отан алдындағы еңбегімізді адал атқаруымызбен тікелей байланысты.

Б. Барбосынова,

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ Департаменті

ЖД-158/2 мекемесінің арнайы бөлімінің 

бастығы, әділет лейтенанты

 

Comments (0)
Add Comment