Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.
Жуырда Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесінде жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықты алдын алу және рұқсат етілмеген байланысқа жол бермеу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мекеме бастығы әділет майоры Раушан Ахметовпен оның тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет майоры Айгүл Танашеваның бастамасымен жүргізілген түсіндірме жұмыстары барысында жеке құрам назарына 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қылмыстық кодекске, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық саласына қатысты заңдарға енгізілген өзгерістер жеткізілді.
Нұрдана Әбілқасым,
ЖД-158/5 мекемесі кадр саясаты тобының аға инспекторы, әділет лейтенанты