Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты №25 мекемелеріндегі сотталғандарға діни бағытта түсіндірме жұмыстары жиі жүргізіледі. Аталған жұмыстар аясында 4, 5 ,6 жасақта жазасын өтеп жатқан азаматтарға «Ақыреттің ақыры» атты көркем фильмі көрсетілді.
Фильмді тамашалаған сотталғандар ерекше әсерге бөленіп, бақыт пен бақытсыздықты, тура жол мен бұрыс бағытты бағдарлап, бейбіт күннің қадірін бағамдай түскендіктерін жасыра алмады.
– Аңдамай сүрініп, темір торға тоғытылғандарға мұндай киноларды көрсету жиі ұйымдастырылады. Теолог мамандармен, имамдармен кездесулер ұйымдастырылып, терроризм және діни экстремизм идеологиясын, сотталғандарды радикалды қөзқарастардан арылту мақсатында жұмыстар жүргізудеміз. Бүгінгідей мағынасы терең кинотуындыларды тамашалау арқылы жазасын өтеушілердің діни сауаттылығы артып, діни көзқарастары оң бағытта болуына көп септігін тигізеді, – дейді мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Әміржан Дәулетқұлов.