Шу ауданында кәсіпкер туған жеріне 400 орындық спорт кешенін тұрғызып жатыр

Жамбыл облысының Шу ауданында «Туған жерге туың тік» бағдарламасы аясында 400 адамға арналған спорт кешені бой көтермек.

Белбасар ауылындағы нысанды Болат Сауранбаев есімді жергілікті азамат өз қаражатына салып жатыр. Кәсіпкер осыған дейін туған аулына жасанды жабыны бар еуростандартқа сай үлкен стадион мен Мешіт салып берген болатын.

2700 шаршы метр аумақтағы «Белбасар» спорт кешенінің  жобалық құны 400 миллион. Көктемде іргетасы қаланған нысанда кіші футбол, волейбол және баскетбол ойындары мен бокс, күрес және ауыр атлетика залдары болады деп күтілуде. Кешеннің бөлмелерінің барлығы да халықаралық стандартқа сай болмақ.

Бұл спорт кешенінің екі құрылымнан тұрады біреуі темір бетоннан болса, екінші металоконструкциядан салып жатырмыз 400 адамға арналған, бокс, күрес, тренажерный зал болады және де қыста да, жазда да ойнайтын мини футбол зал болады және жүз мәшинеге арналған тұрақ бар, – дейді құрылыс басшысы Бауыржан Закиров.

Қарақан басының қамын ғана емес, ауыл тұрғындарының жайын ойлаған жаны жомарт жанды тек іскер кәсіпкер ғана емес, нағыз азамат ретінде жергілікті тұрғындар ерекше құрметтейді. Ал көнекөз қариялардың келешекте бұл спорт кешенінен қазақ атын әлемге танытар спортшылар шығатына сенімі зор.

Туған жерге туыңды тік деген, ауылға мешіт салды ең алғаш 400-600 адамдық. Одан он шақты жылдай болды осы стадион салды, бұл халықаралық стадион енді спорткомплекстен кімдер шықпайды осы құдай қаласа көрсем көрермін көрмесем менің балларым көрер чемпиондар шығады, – дейді Белбасар ауылының тұрғыны Нұрманбет Рысмендиев.

Үш жарым мыңға жуық тұрғыны бар Белбасар ауылында мешіт пен заманауи стадион соғып берген азамат, туған жерді түлетуден тартынып қалған емес.  Болашақта еңбек майданында шыныққан ағаларымыз бен батыр аналарға арнап аллея соғуға ниетті.

Бізде мынау 9 герой деп отырмыз ғой социалистік еңбек ері но соған қосымша 150 анамыз бар екен, соның ішінде 90 анамыз алтын алқа иегері енді барлық аға-інілеріміз бәріміз осыған қол ұшын беріп, жұмыс істеп жатырмыз. Ауылды ұмытуға болмайды адам баласы ауылды ұмытса қаңбақ сияқты домалап кете береді, – дейді ауданның құрметті азаматы Болат Сауранбаев.

Белбасарда салынып жатқан заманауи спорт кешенінің құрылысы келесі жылы тамыз айында аяқталады. Ал ғимарат пайдалануға берілген соң 50-ге жуық адам жұмыспен қамтылады.

24.kz

Comments (0)
Add Comment