«Шахристан» Тараз туризмінің бойтұмарына айналады

Тараз қаласындағы «Көне Тараз»археологиялық кешені жобасының жалғасы ретінде салынып жатқан «Шахристан» тарихи-мәдени орталығы Тараз туризмінің бойтұмарына айналмақ. Өйткені мұнда өлкетану мұражайы, «Руханият» орталығы, қолөнер шеберлері мен көркемсурет галереясы, көрме павильоны, амфитеатр сынды бірегей нысандар салынады.

Қазіргі таңда «Шахристан» тарихи-мәдени орталығының құрылысымен 8 құрылыс компаниясы айналысып жатыр. Құрылыс жұмыстарын қазан айының соңына дейін толық аяқтау жоспарланып отыр. Өз кезегінде жаңа тарихи-мәдени орталығының құрылысы облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің тікелей бақылауына алған. Өңір басшысы жауапты басқармаларға дизайнерлік әрлеу жұмыстарында жаңа технологияны меңгерген компаниялармен әріптестік танытуды тапсырды.

«Шахристан» тарихи-мәдени орталығындағы көрме залында өңірдегі туристік нысандармен онлайн режимде танысуға мүмкіндік беретін құрылғылар орнатылады. Ал шеберлер қалашығында 23 қолөнер шеберінің 1 118 кәдесыйы саудаға шығарылмақ.

Бұл маңдағы нысандардың өзге қалалардағыдай «Арбат» толықтырады. Тіпті Таразда 3 бірдей «Арбат» болады. Оның бірі «Март» сауда орталығының артында салынады. Көшені бойлай 350 метрлік канал ағып жатыр. Каналды лазерік шоу типінде әрлеу жұмыстары жүргізілмек.

Comments (0)
Add Comment