Саябақтарда мәдени-спорттық шаралар өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен мерейтойларға орай 22 мамыр күні қаладағы саябақтарда мәдени — спорттық іс-шаралар өткізілді.
​Атап айтқанда:
«Мамыр» тоғайында концерттік бағдарлама, Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінің алдында Ы.Алтынсаринның 180 жылдығына орай әдеби сазды кеш, «Даланың дара ұстазы» атты кітап көрмесі, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағында Ы.Алтынсаринның 180 жылдығына орай кітап көрмесі, концерттік бағдарлама, Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында қалалық өнерпаздарының қатысуымен «Дала жұлдызы» атты сенбілік кеш, «Тәуелсіздік — мәңгілік ел мұраты» атты көшпелі кітап көрмесі, бұқаралық спорттық іс-шаралар, «Қазақ халқына мың алғыс» монументінің алдында бұқаралық спорттық іс-шаралар, арбаттарда музыканттардың кеші ұйымдастырылды.

Comments (0)
Add Comment