Сарымолдаев атындағы  балалар үйінде қайырымдылық шарасы өтті

Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде қала әкімінің қатысуымен Сарымолдаев атындағы  балалар үйінде қайырымдылық іс-шара өтті.

Ұйымдастырылып отырған шарада  «Ниет» қоғамдық қоры мен Тараз қаласы әкімдігінің арасындағы қабылданған ынтымақтастық меморандумының аясында “LC Waikiki” киім дүкендер желісінің демеушілігімен киіммен қамтамасыз ету көзделіпті. Балалар үйінің 66 тәрбиеленушісіне мерзімдік киімдер табысталды. Қайырымдылық акциясы Астана қаласының 20 жылдығынан бастау алып отыр.

Сонымен қатар, балалар үйінің тәрбиеленушілері концерттік бағдарлама қойып, өз өнерлерін ортаға салды.

Естеріңізге салайық, осы қайырымдылық акциясының негізінде ағымдағы жылдың шілде айында Тараз қаласының 474 тұрғыны сырт киіммен қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ, қазіргі таңда балалар үйінде 85 бала тәрбиеленіп жатыр. Балалардың сапалы, әрі жан-жақты білім алуы үшін мемлекет тарапынан  барлық жағдай жасалған. Интернет желісіне қосылған компьютерлік кабинет, шаршағанды басатын релакс бөлме, әдебиеттің барлық түрін қамтитын  кітапхана бар.

zhambylnews.kz

Comments (0)
Add Comment