Санитарлық талаптардың сақталуы тексерілуде

Мобильдік топ мүшелері Мойынқұм ауданы Қылышбай, Жамбыл ауылындарында болып, Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы негізінде рейд жұмыстарын жүргізді.
Мониторингтік жұмыс барысында 4 нысанды аралап, санитарлық талаптарды сақтамағаны үшін 1 нысанға хаттама толтырылды.
Сонымен қатар қызметкерлерге бетпердемен жүруін, тұрғындарға медициналық қолғаппен қызмет көрсетуін, дезинфекция құралдарын пайдалануын, қоғамдық жерлерде арақашықтық сақталуы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Comments (0)
Add Comment