Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Үздіктер таңдауы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен облысымыздың белсенді жастарын делегат ретінде елімізде және көршілес мемлекеттерде өтіп жатқан іс-шараларға жіберу ағымдағы жылдың маусым айынан бастау алып, 2019 жылдың 14-18 шілде аралығында Нұрсұлтан қаласында өткен өңірлерде жастарды ынталандыру жұмысын жүргізу үшін аймақтық менторларды оқытуға арналған семинар-тренингке А.Әбдуәлиева мен А.Турлыбекова делегат ретінде жіберілді. Сонымен қатар, 2019 жылдың 21-24 тамыз аралығында А.Абдымомынов пен И.Тлеміс Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Ұлытау ауылында өткен Ауыл жастарының халықаралық форумына қатысып қайтты. Ал, 2019 жылдың 23-25 қыркүйегі аралығында Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында өткен «Достықта шекара жоқ: Жастар.Диалог.Мәдениет» халықаралық шекара маңы ынтымастық форумына облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі жанынан құрылған «Жібек жолы жастары» волонтерлық қозғалысының жетекшісі М.Нұрділлаұлы делегат ретінде қатысып, ағымдағы жылы облыс көлемінде ұйымдастырылып жатқан «Қамқор» қайырымдылық жобасы туралы презентация жасап қайтты.
Аталған жастар іс-шараларға қатысу барысында өзге өңірлерден келген жастармен танысып, тәжірибе алмасып, өз жобаларын қорғау мүмкіндіктеріне ие болғандығын байқауға болады. Жастар делегацияларының әр түрлі бағытта ұйымдастырылуы жастардың таным-өрісін арттырып қана қоймай, әр түрлі тың идеялар мен жобаларды іске асыруға жол ашады.