Республика күніне орай шахмат турнирі өтті

25 қазан – Республика күнін мерекелеу қарсаңында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №25 мекемесінде сотталғандар арасында шахматтан турнир өткізілді.

Мекеме жасақтарынан сотталғандар қатысқан турнирде жазасын өтеушілер жоғары нәтиже көрсетіп, ой ұшқырлығын танытты.

Ақыл-ой аламанына қатысқан сотталғандар ойын тақтасы басында ойлау қабілеттері мен стратегиялық біліктерін сынға салды. Қызу да тартысты өткен жарыс барысында олар әдемі ойын өрнегін көрсетіп, бір-бірінен кем түспейтіндерін анық аңғартты. Десе де, «ойын тақтасындағы соғыс» барысында шын мықтылар іріктеліп шықты.

Жарыс қорытындысы бойынша турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері № 25 мекемесі басшылығының атынан алғысқа ұсынылды.

Comments (0)
Add Comment