Республика күні аталып өтілді

Биыл 13 жылдан соң 25-қазан Республика күні ретінде қайта бекітілді. Республика күніне Ұлттық мереке мәртебесі берілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 қыркүйек күні тиісті заңға қол қойды.

Осыған орай, Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi департаментiне бағынысты №25 мекемеде мерекелік жиын өттi. Басқосуды мекеме бастығы, әділет полковнигі Ерлан Оразгелдиев бастап, жылы лебізімен салтанатты іс-шараны ашып берді . Мерекелік шарада мекеменің жеке құрам қызметкерлері мен еркін жалдамалы қызметкерлері мерекелік алғыс хат және грамотамен марапатталды.

Comments (0)
Add Comment