«Qoljetimdi qyzmet» жәрмеңкесі өтті

Жамбыл ауданы Ақбұлым ауылдық округі әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді ашық, тиімді әрі жедел көрсету мақсатында «Qoljetimdi qyzmet» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеде Жамбыл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, Жамбыл ауданының әділет басқармасы, жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің Жамбыл аудандық бөлімшесі, аудан әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ветеринария, ауыл шаруашылығы, дене шынықтыру және спорт, жер қатынастары, білім, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері, АХАТ бөлімшесі және халыққа қызмет көрсету, әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталықтары, орталық аурухананың қызметкерлері ауыл тұрғындарының көкейде жүрген сауалдарына тұщымды жауаптар қайтарып, пайдалы кеңестер берді.

Ильяс Қалыбеков

Comments (0)
Add Comment