Полицияның кадет сыныбы Қасымовқа қонаққа барды

Алматы облысы полициясының кадет сыныбы ішкі істер министрінің қабылдауында болды.

Кадеттер Руслан Тен мен Джалил Гасанов Қалмұханбет Қасымовқа Іле ауданының Өтеген батыр кентіндегі мектеп-гимназиясында кадет сыныбының құрылуы, оқу процесі және қол жеткізілген нәтижелер туралы әңгімелеп берді.
Мектеп оқушылары министрлік басшылығына саптық дайындық бойынша дағдыларын және автоматты бөлшектеу және жинау шеберліктерін көрсетті, сонымен қатар концерттік бағдарлама қойып, полицейлерге «Мәңгілік ел», «Нұр аға» әндерін шырқап, басқа концерттік нөмірлер көрсетті.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар — рухани жаңғыру» мақаласында патриотизм өз жеріне, аулына, қаласына, өңірге, кіші отанына деген сүйіспеншіліктен басталатындығын айтап көрсеткен болатын. Сондықтан «Жас полиция» кадет сыныптарын құру – бірінші кезекте, патриотизм мен Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге, мектепте құқық бұзушылықтың алдын алуға және мамандық таңдауда көмек көрсетуге бағытталды, — деді ішкі істер министрі кадеттермен әңгімелесу барысында.

Бұл кездесу кәсіби ортаны және ұрпақтар сабақтастығын сақтау, ең үздік дәстүрлерді насихаттауда ерекше орын алатынын көрсетті.

Қалмұханбет Қасымов мектеп оқушыларына еліміздің одан әрі дамуы олардың белсенді өмірлік ұстанымдарына байланысты болатындығын атап өтті және олардың әрқайсысы Отанымыздың лайықты азаматы болып өсетіндігіне және кадеттің намысына кір келтірмейтініне сенім білдірді.

Сондай-ақ, министр кадеттерді мектепті бітіргеннен соң ІІМ-нің жоғары оқу орындарына оқуға түсіп, одан әрі ішкі істер органдарында қызмет етуге шақырды, сонымен бірге Отанын сүю, бірлікті және әр адамның сенімін бағалау, Қазақстанның өркендеуі жолында еңбек етуге тілектестігін білдірді.

Сонымен қатар, кадет сыныбы астананың көрікті жерлерін тамашалады. Білім алушылар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы, Ұлттық мұражай және Ішкі істер министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің мұражайларында болды.

Айта кетейік, Алматы облысының төрт мектебінде құқық қорғау бағытындағы кадет сыныптары бар. Мұндай класс алғаш рет 2017 жылы Іле ауданы Өтеген батыр ауылының №7 мектебінің базасында  құрылды. Кадет сыныбының оқу бағдарламасына құқықтану, бастапқы әскери даярлық және басқа да арнайы пәндер бойынша сыныптан тыс факультативтік сабақтар енгізілді. Пилоттық жоба оң нәтижелер көрсетті. Балалардың үлгерім деңгейі жоғарлады. Арнайы пәндер бойынша да оң нәтижелер көрсетті. Нәтижесінде осындай сыныптардың танымалдығы жоғарлап, жалпы өңірлерде осындай кадеттер құруға себеп болды.

kaz.tengrinews.kz

Comments (0)
Add Comment