«Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту жобасы» аясында облыс әкімінің орынбасары Нұржан Календеров Шу ауданы Жаңақоғам ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.
Кездесуге ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Аманов Қайрат Тілеубайұлы, «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның төрағасы Нұркен Шарбиев, корпорацияның Заң бөлімінің басшысы Серік Бегалиев , Инвестициялық жобалар департаменті директорының м.а. Елена Искрина, «Тараз» Микроқаржылық ұйымының директоры Нұрлыбек Исаев , және аудан әкімдігінің жауапты мамандары қатысты.
Кездесуді аудан әкімінің міндетін атқарушы ӘлиханБалқыбеков жүргізіп, күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді атап өтті. Пилоттық жобаның жаңа жарғыларымен таныстыру үшін сөз алған облыс әкімінің орынбасары Нұржан Календеров алдымен ауыл шаруашылығы кооперативіне қажетті техникамен қондырғыларды лизингке алу бойынша тізбесін бекітіп алуды ұсынды.
Бұл ұсыныс тұрғындардың қолдауына ие болып, қажетті ауыл шаруашылығы техникалары таңдалды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы кооперативінің басқарма мүшелері сайланып, кооператив мүшелерінің төлейтін жарнасы белгіленді.
Кездесу барысында тұрғындардың жарлықтарға байланысты сұрақтарына жауап алынып, жобаның игілігі хақында пікірлер тыңдалды. Ұсынылған барлық жарлықтың түрі тек ауыл халқының келісімімен шешілді.