Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Р.Тұрмаханбетова айтты.
Білім алушылардың бойында парасаттылық пен академиялық тазалық принциптерін қалыптастыру, адамгершілік-этикалық құндылықарды бойына сіңіру мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында «Парасатты болашақ» атты эссе жазу байқауының мектепішілік, аудандық кезеңдері (2932 оқушы қатысты) өткізілді. Облыстық кезеңге қатысу үшін 112 жұмыс қабылданды. Қорытынды а.ж.11 қазанда шығарылатын болады.
Өткізілген байқаулардың жеңімпаздары мен белсенді қатысушылары парасаттылық «елшілеріне» айналған лекторлар пулын қалыптастырды. Олар ерікті түрде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, әдептілікті дамытуға бағытталған дәрістер, тренингтер өткізеді.
Жоспарға сәйкес, алдағы уақытта білім беру ұйымдарында «Сана парасаттылығы – қоғамның тұрақты дамуының кепілі» тақырыбында ашық тәрбие сағаттарының декадасын, «Мен – парасатты тұлғамын!» тақырыбында бірыңғай ашық сабақтар, «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында коворкингтер өткізу, «Жастардың парасаттылығы тақырыбындағы әңгімелер» атты рубрикасын құру жұмыстары жүзеге асырылады.