Өзбекстандағы Қазақстан елшісі қаражат жымқыру қылмысына күдіктелуде

Өзбекстандағы Қазақстан елшісі бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдікке ілінді. Бұл туралы Астанада өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова мәлім етті.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен Өзбекстандағы Қазақстан Елшісін әшкереледі. Ол жауапты мемлекеттік лауазымды атқара отырып, Өзбекстандағы ҚР Елшілігінің әкімшілік ғимаратының құрылысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы жалған актілерге қол қойды деп күдіктеліп отыр», — деді ресми өкіл. Белгілі болғандай, бұл заңсыз әрекеттер салдарынан келтірілген шығын көлемі 140 млн теңгеден асқан.

inform.kz

Comments (0)
Add Comment