Облыс бойынша ең белсенді оқырман оқушыны табуға арналған «Oqy, tap» облыстық онлайн байқауының ІІІ кезеңі басталды.
Онлайн конкурсқа облыс бойынша 1371 білім алушы қатысып, 202-сі ІІІ кезеңге жолдама алды. Бұл кезеңде қатысушылар көркем шығарманың негізінде эссе жазады.
Байқау оқушылардың көркем шығармаларды оқу арқылы рухани және зияткерлік әлеуетін дамыту, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Онлайын сайысқа жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 12-17 жас аралағындағы білім алушылары қатысуда. Байқау шарты бойынша І кезеңде қатысушылар көркем шығармадан алынған үзінділерді тапса, ІІ кезеңде көркем шығарма бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді.