Таразда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты биылғы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға арналған облыс активімен жиын өтуде.
Басқосуда Жолдаудан туындайтын міндеттер жайында баяндама жасаған облыс әкімі Асқар Мырзахметов оларды орындау мақсатында облыста атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
– Жолдауда агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және қайта өңделген өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту міндеті тұр. Жыл басынан 1,8 мың тонна ет экспортқа шығарылды, – деді облыс әкімі сөзінде.