Жайдарман өз жанкүйерлерін қуанта бермек! Елордада республикалық арнайы жоба “Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогі -2020” Жайдарман ойыны өтті. Ойынға Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы қолдау көрсетті. Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған жобаға Моңғолиядан және еліміздің әртүрлі облыстарынан бас-аяғы 13 команда қатысты. Олар:
- «Монғолия құрамасы», Моңғолия
- «Евразиат», Нұр-Сұлтан
- «Рудный құрамасы», Қостанай облысы Рудный қаласы
- «Шатыр», ШҚО, Семей
- «Бес жаңалық», Петропавл
- «Тұран –Нұр-Сұлтан», Нұр-Сұлтан
- «Бүгін.kz», Шымкент
- «Қызылорда құрамасы», Қызылорда
- «Дарын Интеллектуал», Қостанай
- «Боранқұл», Маңғыстау
- «Шапалақ», Талдықорған
- «Миллион», Шымкент
- «Грант», Орал
Тартысқа толы өткен сайысқа Көпен Әмірбек, Дәулет Кәрібек, Еркін Мұхамеджанов, Бахтияр Артаев, Марат Достаев секілді қоғам қайраткерлері, белгілі тұлғалар қазылық етті. 13 команда ойын көрсетіп, қазылар алқасының шешімі негізінде жүлделі орындарға лайықты командалар іріктелді. Нәтижесінде “Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогін” Маңғыстау өңірінен келген “Боранқұл” командасы иеленді. Екінші орын Оралдық “Грант”, үшінші орын Нұр-Сұлтандық топ “Евразиатқа” бұйырды. “Дарын-интеллектуал” командасының ойыншысы Таңшолпан “Үздік ойыншы” номинациясына лайықты деп танылды.
Биылғы жыл жалпы әлем үшін оңай жыл болған жоқ. Пандемия әсерінен көптеген салалар тұралап қалды. Жайдарман да көрерменімен қауыша алмай, араға уақыт салып алды. Дегенмен, көрерменнің патша көңілі біз үшін әрқашан маңызды, биік. Өзіміз де телеэкран арқылы болса да, жайдармансүйер жандармен қауышуға асықтық. “Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогі-2020” ойыны командалардың білек сыбана дайындалған жобасы болды. Сахнаның сәнін командалар келтіргенмен, Жайдарманның жарасымы көрермендермен екеніне тағы бір көзіміз жетті. Жайдарманшылар экран алдындағы көрерменнің көңіл-күйіне әсер ету үшін, барын салып өнер көрсетті. Зал толы ойындар мен қалыпты өмір салтына тезірек ораламыз деп сенеміз. Қауіпсіздік шараларын сақтап, денсаулыққа дұрыс қарауға шақырамыз!
Ойын залдағы көрерменсіз өтсе де, қызыққа толы телевизиялық түсірілім болып, 24 қазан күні Қазақстан ұлттық арнасының эфирінен көрсетілді.