Мұнайдың әлемдік бағасы арзандады

Лондон және Нью-Йорктің шикізат биржаларында сейсенбі күнгі сауда-саттықтың нәтижесі бойынша мұнайдың бағасы төмендеді.

Сауда қорытындысы бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында желтоқсан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері барреліне 0,34 долларға арзандап, 84,64 долларды құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы жеңіл мұнайдың қараша айындағы фьючерстерінің бір баррелі 0,07 долларға төмендеп, 75,23 доллар болды.

inform.kz

Comments (0)
Add Comment