Мемлекет әдебиет академиясын құруға ниетті

Ел билігі Әдебиет академиясын құруға ниет танытты.

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Жастар жылының ашылу салтанатында айтылған ұсынысты Мәдениет және спорт министрлігі қарастырып жатыр. Тіпті ведомство жаңа жобаны «Жол картасына» енгізіп те қойған. Толық қолдау табар болса, әдебиет институты Астана қаласында ашылуы мүмкін. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет біздің арна тілшілеріне айтты. Төрағаның сөзінше, академия құрылар болса, өзге елдердің классиктерін, сақа сыншылар шақыртып, арнайы дәріс оқытуға мүмкіндік туар еді.

 24.kz 

Comments (0)
Add Comment