Мексикада құбыр желісіндегі жарылыс құрбандарының саны 91 адамға жетті

Мексикадағы Идальго штатында құбыр желісінде болған жарылыс пен өрт салдарынан құрбан болғандардың саны 91 адамға жетті.

Штат губернаторы Омар Файядтың сөзіне қарағанда, зардап шеккен 50 адамның жағдайы ауыр. Сондықтан көз жұмғандар саны «өсуі» мүмкін.

Еске сала кетсек, оқиға 18 қаңтарда Pemex компаниясының құбыр желісін заңсыз тескен орында болды. Жарылыс кезінде 350-ден астам жергілікті тұрғын аққан жанармайды канистрлеріне құйып алып жатқан.

inform.kz

Comments (0)
Add Comment