Медицина мамандары түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Адам баласының ажалын жақындата түсетін жұқпалы аурулардың алдын алу аса маңызды. Бұл ретте, елімізде оларды болдырмау мақсатында қыруар жұмыстар жүзеге асуда. Мұндай шаралар Жамбыл облысында да жүйелі өтіп тұрады.

Мәселен, күні кеше Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ депратаменті ЖД-158/2 мекемесінде АИТВ және ЖИТС, туберкулез, тұмау ауруларының алдын алу мақсатында жиын өтті. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының ұлттық орталығының тапсырмасымен қолға алынған кездесуді мекеменің медицина және санитарлық бөлімінің бастығы, әділет капитаны Гүлшат Медетбекова ұйымдастырды.

Маңызды басқосуға «Зер -Күміс» ЖШС маманы Балхаш Сарыбаева және Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы Виктор Когай қатысты. Шара барысында мамандар аталған аты жаман дерттердің алдын алу шараларын және жолдарын айтып өтті.

Сондай-ақ, медицина қызметкерлері сотталғандармен түсіндіру жұмыстарын да жүргізді.

Comments (0)
Add Comment