Қымбат джип мінетін павлодарлықтар мемлекетке 45 млн теңге қарыз

Қомақты қарызы бар автокөліктерге «Салық төлемегені үшін айып тұрағына кіргізіледі» деген баннер орнатылды.

Қалалық мемлекеттік кіріс басқармасы жергілікті полиция қызметімен бірлесе салық төлеуден жалтарып, берешегі жиналып қалған автокөлік иелерін анықтау бойынша рейд өткізді. Олардың көбісі үш мың текше сантиметр көлемнен үлкен қозғалтқышы бар қымбат кроссоверлер болып шықты. Мұндай көліктердің 200-і қазіргі кезде шаһар көшелерінде жүйткіп жүр. Қалалық мемлекеттік кіріс басқармасы жеке тұлғалардың ақпаратын қабылдау және өңдеу орталығы бөлімінің басшысы Мақсұт Қаңтарбаев салық төлеуді уақтылы және ерікті түрде жүзеге асыруға шақырды.

«Қарызы бар азаматтардың көбі қозғалтқыш көлемі үлкен көліктері бар автокөлік иелері екендігін анықтадық», — дейді Мақсұт Қаңтарбаев. — Ондай көлік иелерінің жалпы мемлекетке берешегі 45 миллион теңгеден асып кетті. Осы сомалар қала бюджетіне құйылуы тиіс. Сол себепті азаматтарымызды салық бойынша қарыздарын өз еркімен төлеуге шақырамыз. Өз міндеттерін өтеуден жалтаратын салық төлеушілерді не күтетінін рейд көрсетті. Салықшылар полицейлермен бірлесе шаһар көшелерімен өтіп бара жатқан джиптерді тоқтатып, сол жерде мәліметтер базасынан олардың салық төлеген-төлемегендерін анықтады. Нәтижесінде Lexus LX4700 көлігі иесінің салық төлемегені белгілі болды.

Джип иесі екі жыл ішінде мемлекетке 650 мың теңге көлемінде салық төлемей келген. Автомобильдің екі жағына «Салық төлемегені үшін айып тұрағына кіргізіледі» деген баннер орнатылды. Сонан соң жұртқа көрінетіндей.

inform.kz

Comments (0)
Add Comment