Сіздерді 2018 жылдың 27 қазанында «Қала күніне» орай ұйымдастырылатын мерекелік іс-шараларды тамашалауға шақырамыз!
— сағат 9.30-дан бастап темір жол скверінде «Тараз» стеласының ашылуы;
— Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақта Қайрат Рысқұлбеков ескерткішінің, «Тәуелсіздік ұшқыны» аллеясының, «Ғибрат» орталығының ашылу рәсімдері;
— «Желтоқсан» скверінде «Желтоқсан толқыны» субұрқағының ашылуы;
— Б. Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында тыл еңбеккерлеріне, Чернобыль атом электр стансасының зардабын жоюға қатысушыларға, Ауғанстан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштердің ашылу рәсімдері;
— «Үшбұлақ» демалыс орнының ашылу рәсімі;
— орталық «Достық» алаңында «Тараз – менің сүйікті қалам!» атты мәдени көпшілік іс-шара, мерекелік отшашу;
Аталған іс-шараларға Қазақстан эстрада жұлдыздары Досымжан Таңатаров, Саят Медеуов, Қуандық Рахым, Арай Серікхан және «OXFORDS live band» вокалды-инструменталдық ансамблі қатысады.
Келіңіздер, көріңіздер!
Тараз қаласының әкімдігі