Құқық қорғау органдары Академиясының ұжымына жаңа ректор – 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі, PhD докторы Нұрғалым Мәжитұлы Әбдіровті таныстырдым. Ол – өңірлерде және Бас прокуратурада басшылық қызметтер атқарған тәжірибелі прокурор. Академия алдына маңызды міндеттер қойдым: – білім беру бағдарламаларын жасанды интеллектке басымдық бере отырып жаңғырту; – жасанды интеллектті тиімді қолданып, киберқылмыспен және басқа да заманауи қатерлермен күресуге қабілетті сертификатталған прокурорлар мен өзге де құқық қорғау органдары қызметкерлерін даярлау; – ғылыми зерттеулердің қолданбалы сипатын күшейту; – Академияның ғылыми басылымдарының халықаралық беделге ие болуын қамтамасыз ету; – курсанттардың жеке қасиеттерін – тәртіптілікті, қызмет пен мемлекетке адалдықты тәрбиелеуге назар аудару; – шетелдік бейінді білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты күшейту. Бірлесіп Академияны прокуратура мен құқық қорғау органдары үшін кадрлар мен ғылым даярлаудың орталығы ретінде нығайтатынымызға сенімдімін.
Берік Асылов,
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры