Қоян-қолтық ұрыс — жекпе-жек өнерінің ең тиімді тәсілдеріне негізделген арнайы білім мен техникалық тәсілдер жүйесі. Ол әскерилер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әмбебап қорғаныс техникасын жетілдіру мақсатында пайда болып, жетілдірілген қызметтік-қолданбалы спорт түрі. Қазіргі заманғы қоян-қолтық ұрыс стилі жаттықтырушылар, ғалымдар және спортшылардың көп жылдық тәжірибесі мен шығармашылық ізденістерінің нәтижесінде қалыптасты. Олар тиімді әрі ұтымды тәсілдерді пайдалана отырып, бокс, дзюдо, самбо, джиу-джитсу, тай боксы және кик-боксингтің жетістіктерін біріктіріп қоян-қолтық ұрыс техникасын байытты.
Осыған орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №25 мекемемінің жеке құрамына аталмыш спорт түрінен сабақ өткізілді. «Динамо» спорт кешенінде өткен жекпе-жек бойынша дәрісті кешеннің жаттықтырушысы Серік Миралиев жүргізді. Сабақ барысында ҚАЖ қызметкерлеріне суық қарумен және оқ қаруымен шабуыл жасалған жағдайдағы қорғаныс тәсілдері үйретілді.