Көлігіңіздің техпаспортын жоғалтып алсаңыз…

Жеке куәлігіңізді алып, тезірек автоХҚО-ға барыңыз. Мұнда 1,25 АЕК көлемінде мемлекеттік баж төлейсіз және құжатыңызды қалпына келтіру бойынша өтініш жазасыз.

Бірер сағат ішінде сізге жаңа құжатыңыз дайын болады.

Техпаспортты аты-жөніңізді өзгерткен кезде, құжаттар жарамсыз болып қалғанда немесе көлігіңіздің түсін өзгерткенде де ауыстыру қажет екенін естеріңізге саламыз.

Аңсар Ержан,

Азаматтарға арналған үкімет МК КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша ХҚКО Тараз қалалық 4 бөлім басшысы

Comments (0)
Add Comment