Кокос майының косметикалық қасиеті

1. Кокос майын көбіне шашты нәрлендіру үшін маска түрінде қолданады. Жақсы әсер үшін кокос майын шаштың түбінен ұшына дейін жағып шығып, басты жарты сағаттан 3 сағатқа дейін орамалмен орап қою керек. Белгілі уақыты келгенде орамалды шешіп, сусабынмен жуып тастайсыз. Бұл маскадан кейін шашыңыз жылтырап, кокостың жағымды иісі аңқып тұрады. Жиі боялғаннан құрғап кеткен шашқа да пайдасы көп. Аталған масканы аптасына 2-3 рет жасап тұрсаңыз, шашыңыз ұшталуын тоқтатады.
2. Денені нәрлендіру үшін кокостың тазартылған түрін қолданыңыз. Май денеге тез сіңіп, теріні ақ мақтадай жұмсартады және майда әжімдердің дамуын тежейді.
3. Кокос майын қол кремі ретінде пайдалануға болады. Тырнақтарыңыздың сынбайтын қасиетін жоғарылатады.
4. Кокос майы – күн сәулесінен күйген теріні емдеуге таптырмайды.
5. Ал, бетке қолданғыңыз келсе, тек тазартылғанын таңдаңыз. Бірнеше тамшысын күнделікті қолданып жүрген креміңізге қосып жақсаңыз, бетті жұмсартып қана қоймай әжімдеріңізді жазады.

Айжан Өзбекова

Comments (0)
Add Comment