Жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» акциясы аясында өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/1 (тергеу изоляторы) мекемесінің қызметкерлері мектепке қажетті құрал-жабдықтармен сөмкелерді әлеуметтік жағдайы төмен жанұяға табыс етті.
— Біздің болашағымыздың кепілі – білімді ұрпақ. Ал баланың жастайынан білімді, алғыр болуы үшін ата-анасы мен ұстазының тәлімінен бөлек, материалдық жағдайының да жақсы болғаны маңызды, — дейді қайымдырылық акциясына атсалысқандар.
Өз кезегінде ата-аналар ізгі шараны ұйымдастырған қолы ашық, жомарт жандарға ризашылықтарын білдіріп, жұмыстарына береке тіледі.
Айгүл Тыныстанова,
ЖД-158/1 мекемесінің кітапхана қызметкері